«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету бойынша жасалатын жұмыс туралы ақпарат

Бөлімнің қызметі «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ Ережесімен регламенттеледі. Жерлерді ұтымды пайдалану бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Бөлім қызметінің мақсаты болып табылады.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру  және сыбайлас жемқорлық тәуекелге жол бермеу мақсатында, Бөлімде тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Интернет-ресурстарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарты орналастырылған. Тұрақты негізде  көрсетілген мемлекеттік қызметтерге мониторинг, түсіндіру жұмыстары  жүргізіледі.  Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Бөлім қызметкерлері үшін ХҚО-да үнемі консультация семинарлары  жүргізіледі.

Жалпы Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 8 түрлері көрсетіледі, өткен мерзімде барлығы 2312 қызмет көрсетілді (2-слайд):

— жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (130);

— мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту (324);

— жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту (1310);

— іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру (1);

— ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрінен екіншісіне  ауыстыруға рұқсат беру (0);

— суарылатын егістікті  суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру (0);

— сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (281);

— жер телімінің бөлінуі мен бөлінбеуін анықтау (266).

Мемлекеттік қызмет көрсетілгенде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,  «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»  ҚР Жер кодексімен мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамаға сәйкес емес бөлігінде құқықтық қайшылық туындайды. Бөлім қайшылықтарды жою үшін «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті» ММ ұсыныс жолдады. Бірақта, қазіргі уақытта  мәселе шешімін тапқан жоқ.

Сонымен бірге, Бөлім «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік  қоғамының  филиалы және интернет ресурстар арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің  тізбесін кеңейту жөнінде  жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсеткенде қызмет көрсетушілермен жеке байланысты барынша болғызбау мақсатында, 6 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау мақсатында қызметтер Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО)  арқылы «бір терезе» принципі бойынша көрсетіледі. 2 қызмет көрсету «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер телімінің бөлінуі мен бөлінбеуін анықтау» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сәйкес  қағаз түрінде  және жергілікті атқарушы  органның  кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ сапасыз  мемлекеттік қызмет көрсету фактілерімен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекеттері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында Бөлімнің стендында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда  өтініш беру үшін құқық қорғау  органдарының телефондары  көрсетілген әзірленген ақпараттандыру  қағаздары орналастырылған.

Бөлімде жағымсыз қоғамдық жаңғырық, сондай-ақ  мемлекеттік органдар қызметшілерінің беделіне зиян келтіретін мінез тудыратын  құқық бузушылық  пен әрекеттерді мемлекеттік қызметшілерге жасауға жол бермеу мақсатында  Этикалық кодекстің  нормаларын мүлтіксіз сақтау  жөнінде алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылдың шілде айында «Бөлімде  мемлекеттік қызмет көрсету  сапасын  жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелге жол бермеу» тақырыбына жалпыға  құқықтық білім беру жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 12 маусымдағы № 784 қаулысымен  бекітілген  жер телімдеріне  құқықтар беру Қағидасының ережелерінің нормаларына сәйкес, ашықтылық пен айқындылық мақсатында жеке тұрғын үй құрылысын салу   үшін жер телімдерін беру бойынша арнайы есепке қойылған азаматтардың тізімі «Павлодар қаласы әкімдігінің ресми-сайтында» интернет ресурсында «Жер қатынастары» айдарында  және «Смарт-Павлодар» қосымшасында орналастырылған (3-слайд).

Павлодар қаласы бойынша 2018 жылдың 25 тамызы жағдайы бойынша   ауылдық аймақтарды қоса отырып, ЖТҚ үшін  жер телімдерін бөлу туралы  азаматтардың  14561 өтініштері тіркелген, оның ішінде (4-слайд):

Павлодар қ.- 494;

Ленин кенті – 2447;

Павлодар ауылы – 2784;

Жетекші ауылы – 745;

Мойылды ауылы – 373;

Теміржолшылар кенті – 2093;

Кенжекөл ауылдық округінің Байдала ауылы – 5331;

Кенжекөл ауылдық округінің Әуежай ауданы – 294.

Ашықтылық пен айқындылық мақсатында коммерциялық мақсаттар үшін  жер телімдеріне құқық сату (жаңа жер бөліп беру) айрықша сауда-саттық  (аукцион) арқылы  жүргізіледі.

2018 жылы 5 аукцион өткізілді, онда 3 жылға  жалдау құқығы 67,0 млн. теңге  жалпы сомасына 81 жер телімі сатылды. Келесі аукционды өткізу 2018 жылдың 7 қыркүйегінде жоспарланып отыр, онда  3,4 млн.теңге  бастапқы құнымен 16 жер телімдері шығарылды. Жылдың аяғына дейін  тағы 3 аукцион жүргізу жоспарланып отыр (5, 6-слайд).

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  жер қатынастары саласында туындайтын  мәселелер бойынша, оның ішінде Бөлімнің өкілеттігіне сәйкес, қолданыстағы жер заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша   үнемі түсіндірмелер беріледі.

Жергілікті газеттерде  жер телімдерін ресімдеу мәселелері және жер заңнамасын түсіндіру жөнінде ақпараттар жарияланды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік  сатып алу туралы» Заңы негізінде www.ozo.gov.kz. баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды,  жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін хабарландыру орналастырылған.

 

 

«Павлодар қаласы жер

қатынастары бөлімі»

ММ басшысы                                                             Б. Карибаева

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа