Бау-бақша үшін  жер телімдеріне құқық ресімдеу тәртібі

Мемлекеттік меншіктегі жерлерден  жер теліміне құқық беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  • жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
  • сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
  • тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;
  •  жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
  • сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу (қажет болған жағдайда);
  • жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
  • жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру. (Жеңіс алаңы, 17, 101 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан: «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК).
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа